Нормативтік құжаттар » СШ Ы.Алтынсарин
Қабылдау бөлімі:
+7-(726)44 2-11-65
Әдістеме бөлімі:
+7-(771)4186241
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
ноябрь
2018

Нормативтік құжаттар

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10348 тіркелді

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
     1. Мыналар: 
     1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері;
     2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы куәліктің нысаны;
     3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік куәліктің нысаны;
     4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы куәлікке қосымшаның нысаны;
     5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес білім туралы куәліктің нысаны;
     6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;
     7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;
     8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Алтын белгі жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;
     9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны;
     10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның нысаны;
     11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы үздік дипломның нысаны;
     12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес екі тілде техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға қосымшаның нысаны;
     13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның нысаны;
     14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім туралы үздік дипломның нысаны;
      15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес екі тілде орта білімнен кейінгі білім туралы дипломға қосымшаның нысаны;
     16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес кәсіптік даярлау туралы куәліктің нысаны;
     17) алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.08.2015 № 512(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
     18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы дипломның нысаны;
     19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның нысаны;
     20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес біліктілік берілетін жоғары білім туралы дипломның нысаны;
     21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес біліктілік берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның нысаны;
     22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;
     23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес іскерлік әкімшілік жүргізу докторы дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;
     24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес резидентураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;
     25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес интернатураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;
     26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес клиникалық ординатураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;
     27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес үш тілде дипломға қосымшаның нысаны;
     28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес магистр дипломына куәліктің нысаны;
     29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілетін аттестаттың нысаны;;
     30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес профессор ғылыми атағы берілетін аттестаттың нысаны;
     31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес кандидат ғылыми дәрежесі берілетін дипломның нысаны;
     32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес кандидат ғылыми дәрежесі берілетін дипломның (қайта аттестаттау) нысаны;
     33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін дипломның нысаны;
     34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін дипломның нысаны;
     35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидалары.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.08.2015 № 512(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.01.2016 № 104(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.11.2016 № 655бұйрықтарымен.
     2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов): 
     1) осы бұйрықтың белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін;
     2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
     3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
     4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           А. Сәрінжіпов



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив