26
ноябрь
2021
Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай"Ыбырай оқулары "тақырыбында аудандық мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай"Ыбырай оқулары "тақырыбында аудандық мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқауға ауданның барлық мектептерінен оқушылар қатысты. Ыбырай атамыздың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Ыбырай Алтынсариннің өлендерін жаттап, үлкен дайындықпен келген балалардың өнерін әділ қазылар алқасы бағалады. Әділ қазылар құрамы Облыстық" Agjol"газетінің мәдениет және руханият бөлімінің редакторы Есет Досалы ағамыз,
Талас ауданының құрметті ардагері, Ақкөл ауылының билер кеңесінің мүшесі Қойшыбай Сәбен Сәтұлы ағамыз және жастар ресурстық орталығының Ақкөл ауылдық округі бойынша аға инсректоры Тұрғын Нұрдәулет Қуанышұлы өз әділ бағаларын берді. Шақырылған қонақтар Ақкөл ауылдық округ әкімі Ж. А. Ратов, Талас ауданының білім бөлімінің басшысы М. А. Қазанғапов, Ақкөл ауылдық округ ардагерлер кеңесінің төрағасы Д. Туғанбаев, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы А. С. Ахметов. Оқушылар бас жүлде, 1 орын, 2орын, 3 орын, алғыс хат және Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойына арналған төс белгілерімен марапатталды. Барлық қатысушы оқушыларға және жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз.





