Қамқоршылық кеңес отырысының 2020-2021 оқу жылы » СШ Ы.Алтынсарин
Қабылдау бөлімі:
+7-(726)44 2-11-65
Әдістеме бөлімі:
+7-(771)4186241
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Қамқоршылық кеңес отырысының 2020-2021 оқу жылы
05
октябрь
2020

Қамқоршылық кеңес отырысының 2020-2021 оқу жылы

Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің

Қамқоршылық кеңес отырысының

Хаттамасы №1

Ақкөл ауылы                                                                           05.10.2020 ж


Тақырыбы: «Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестерінде мектеп директорларының есептерін тыңдау»

Қатысқандар: Мектеп әкімшілігі,қамқоршылық кеңес құрамы :

  1. Таукебаева Ғайни Құлтайқызы – зейнеткер, қамқоршылық   кеңесінің  төрайымы.
  2. Исахметов Нұржаппар Орынбасарұлы – «Бекен» шаруа қожалығының төрағасы, комиссия мүшесі
  3. Ахметов Әбіламит Сапиділдаұлы  – РМК «Каз су шар» Ақкөл ауылдық бөлімше басшысы, комиссия мүшесі
  4. Каратаев Азамат Берикович  – жетекші маман , комиссия  мүшесі.
  5. Темірбеков  Еркін –жеке   кәсіпкер  , комиссия  мүшесі,
  6. Айдынбекова Нұржамал Дүйсенбековна - ауылдық амбулатория бас дәрігері, комиссия мүшесі

7.     Касабекова Камшат Ескермесовна - АПББ басшысы , комиссия мүшесі.

  1. Сатекбаева Бақыткуль Аблековна –Спорт мектебі кіші қызметкер, комиссия мүшесі .
  2. Разиванова Фатима – «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі,хатшы 

Күн тәртібінде

1.Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің № 02-1888 хатына сәйкес COVID -19 коронавирус инфекциясың таралуы мен эпидемологиялық жағдайға байланысты мектептерге бөлінген қажетті құралдардың есебін беру.

2.Пандемияға байланысты мектептегі санитарлық-гигиеналық талаптардың  сақталуы жайлы

 Тыңдалды

Мектеп директоры К.Копелбекова – жазғы кезеңдегі мектепті күрделі жөндеу қорытындылары, материалдық-техникалық базасы және жалпы, мектептің оқу-тәрбие үрдісі туралы айтты.2020-2021 оқу жылында пандемияға байланысты екі ауысымда дәстүрлі оқытылуда. Биылғы оқу жылын 1-11 сыныптар арасында 180 оқушымен,дайындық сыныбы 14 оқушымен бастады.Аз қамтылған және тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушылар туралы бірнеше оқушыларды әлеуметтік төлқұжат бойынша атап өтті. COVID -19 коронавирус инфекциясына байланысты аудандық білім бөлімінен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  мектебімізге 800 дана бетперде,2 дана тепловизор,3 дана медициналық кілемше,200 литр антисептикалық сұйықтық,3дана компьютер және 7 дана нетбук берілді.

Мектепте санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау мақсатында екі ауысымдағы оқушылардың және ұстаздардың күнделікті температурасы өлшеніп,күнделікті журналға тіркеліп отырады. Оқушылар мен ұстаздардың күнделікті маска тағуы мен арақашықтық сақталуы қадағалануда.Әр сыныпта артық маска мен антисептиктер қойылған.Оқушыларды топтастырмау мақсатында сабақтар арасындағы үзілістер әр уақытқа бөлінген. Әр сынып кабинетінде үзіліс кестесі қойылған

Жарыс сөз:

Кеңес төрайымы Ғ.Таукебаева мектепте оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуына көңілі толатындығын айтты.

Қамқоршылық кеңесінің шешімі:

1.Бөлінген құрал-жабдықтардың орынды жұмсалуын бақылауға алынсын.

2.Санитарлық талаптардың қатаң сақталуы мектеп әкімшілігінің назарында болсын




Кеңес төрайымы                                        Ғ.Таукебаева

Хатшысы                                             Ф.Разиванова



















Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив