Әдістемелік кеңес » СШ Ы.Алтынсарин
Қабылдау бөлімі:
+7-(726)44 2-11-65
Әдістеме бөлімі:
+7-(771)4186241
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
декабрь
2018

Әдістемелік кеңес

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ   ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 
    2017 - 2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ  ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕЛІК САРАПТАМА 
 
       2017 - 2018 оқу  жылында  қойылған мақсаттар: Адамға жан-жақты  дамыған, терең  білімді, шығармашыл, жеке  құзырлы тұлғаны  қалыптастыру,балаға  деген субъектілік қатынас, оған педагогикалық  қолдау  көрсету. Биылғы оқу жылында  мектеп  ұжымы «Оқу-тәрбие  үрдісінде оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін  енгізу арқылы  оқушының  шығармашылық қабілеттерін  арттыру» тақырыбы  бойынша жұмыс  атқарды. Жоғарыда көрсетілген негізгі стратегиялық бағыттарды іске асыру жолында мектеп ұжымы 2017 - 2018 оқу жылында әртүрлі бағыттағы жұмыстарды жүргізіп, айтарлықтай жетістіктерге жетті. Мектептегі жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде мектеп оқушылары аудандық, облыстық олимпиадаларда, интеллектуалдық марафондарда, өнер және спорттық жарыстарда үлкен табыстарға жетті. Сондай-ақ жұмыстың нәтижелерін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияларды игеруге ұмтылыс білдірген ұстаздар еңбегінен көруге болады.  
 
Мақсаты:
Оқытудағы инновациялық әдістерді меңгеруге үйрету
Міндеттері:
1. Жаңа технологиялардың тиімділігін сабақ үрдісінде пайдалану арқылы оқыту сапасын дамытып;оқушылардың білімге деген қүштарлығын қалыптастыру;
2. Дарынды оқушылардың пәндік, академиялық, интеллектуалдық, шығармашылық, зерттеушілік әлеуетін көтеру бағытындағы жұмыстарды жаңа әдіс-тәсілдермен байланыстыра жүргізу;
3. Мектептегі ғылыми-әдістемелік орталықта жинақталған диалогтық оқытуды меңгерудегі озық тәжірибелерді тарату жұмыстарын ұйымдастыру;  
4. Оқу- тәрбие үрдісіндегі диагностика мен мониторинг жүйесін жетілдіру;
5. Мұғалімдердің әлемдік білім кеңістігі жүйелеріне сәйкес педагогикалық-психологиялық мәселелерді шешуге құзіретті, өз ісінің машықталған маманы болуына жағдай жасай отырып, осылайша педагогикалық ұжымда іскер, кәсіби орта қалыптастыру.
6. Педагог кадрлардың біліктілігін жоғарылату мақсатында жүйелі жұмыстар ұйымдастыру;
Күтілген нәтижелер: 
 - педагог қызметкерлерінің және мектептегі ғылыми-әдістемелік қызметтің сапалы көрсеткіштері динамикасының өсуі; 
- жас мамандардың кәсіби тұрғыда қалыптасуы мен табысты қызметі;
- ғылыми-зерттеушілік жұмыс дағдыларын толыққанды меңгеруі;
- білім сапасының артуы.
Әдістемелік қызмет жұмысының түрлері: 
-->ғылыми-әдістемелік кеңес; 
-->педагог қызметкерлерді аттестаттау;
-->ӘБ мұғалімдерінің жұмыстары
-->тақырыптық педагогикалық кеңес
-->шеберлік класстар
-->ашық сабақтар мен іс-шаралар;
-->педагогикалық ұжым қызметін диагностикалау;
-->«Үздік педагог», «Үздік кабинет», «Жас маман» кәсіптік байқаулары; 

 
 

Ғылыми-әдістемелік қызметтің негізгі бағыттары:
 1. Педагогикалық кадрлармен жұмыс
1.1.Кәсіби біліктілігін арттыру
1.2.Алдыңғы қатарлы озық тәжірибе
1.3.Жас мамандар мектебі
1.4.Педагог қызметкерлерді аттестаттау жұмысы

 
 
2.Әдістемелік бірлестіктер жұмысына басшылық жасау, бақылау, мониторингтеу
3.Ғылыми-әдістемелік кеңес жұмысы
4.Дарынды оқушылармен жұмыс 
5.Инновацияны енгізу, жинақтау және тарату жұмыстары
6.Ғылыми –әдістемелік кеңестің іс-әрекеті/ құрамы, атқарылған жұмыстың сараптамасы, эксперттік, шығармашылық топтардың жұмыс.

Похожие публикации:

04 декабрь 2018 Мектеп тарихы
04 декабрь 2018 Мектеп ұжымы
04 декабрь 2018 Мектеп әкімшілігі
29 ноябрь 2018 Мекен жайымыз
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив