14
март
2022
2022 жылдың 14 наурыз күні Талас ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті мен Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі бірлесе «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Робототехника» атты мектеп оқушылары арасында Ақкөл ауылында Ы.Алтынсари
2022 жылдың 14 наурыз күні Талас ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті мен Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі бірлесе «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Робототехника» атты мектеп оқушылары арасында Ақкөл ауылында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің базасында байқау ұйымдастырды.
Жарыс жеребі тастау арқылы бәсекелесуші команда реттілігін анықталды.
Жарысқа қатысушыларға аудандық білім бөлімінің информатика пәні әдіскері Төлетаева Сабира Өмірзаққызы «Сумо» «Кегельринг» және «Сызықпен жарыс» сайыстарының ережесімен таныстырып, оқушыларға сәттілік тіледі.
Байқауды өткізудің негізгі мақсаты мен міндеттері :
- Жалпы білім беретін мекемелердің оқушылары арасында техникалық модельдеуді насихаттау;
- оқушылардың логикалық ойлауының қалыптасуы;
- оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту;
-оқушылардың және педагогтардың шығармашылық жетістіктерін насихаттау;
Байқаудың нәтижесінде, «Робосуммо» сайысы бойынша І дәрежелі дипломмен Ш.Смаханұлы атындағы орта мектебінің оқушысы Ермекбай Аслан, ІІ дәрежелі дипломмен Балалар мен жасөспірімдер орталығының оқушысы Кәрібоз Рыскелді, ІІІ дәрежелі дипломмен Талас негізгі мектептің оқушысы Төлентай Ақәділ марапатталды.
«Кегельринг» сайысы бойынша І дәрежелі дипломмен Ы.Алтынсарин орта мектебінің оқушысы Серік Ерман , ІІ дәрежелі дипломмен Ақкөл орта мектебінің оқушысы Сәкен Айдын, ІІІ дәрежелі дипломмен Қалхаман Ерсұлтан марапатталды.
«Сызық бойымен » сайысы бойынша І дәрежелі дипломмен Ақкөл ауылындағы Балалар мен жасөспірімдер орталығының оқушысы Елубай Шапағат, ІІ дәрежелі дипломмен Ы.Алтынсарин орта мектебінің оқушысы Сметулла Жандос , ІІІ дәрежелі дипломмен Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінің оқушысы Керімбек Серіжан марапатталды.





