12
март
2020
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, психология магистрі, қауымдастырылған профессор

2015 жылы С.Усеноваға Аймақтық Менеджменттің Академиясының шешімімен әлеуметтік ғылымдарының қауымдастырылған профессор академиялық атағы берілді
2016 жылы Аймақтық Менеджменттің Академиясының шешімімен «Гуманитарлық ғылымдардың дамуына қосқан үлесі үшін» А.Маслоу атындағы Алтын медалімен, Тараз қалалық мәслихатының Құрмет грамотасымен, 2017 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің алғыс хатымен, Халықаралық психология академиясының «ХПА-на 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
2018 жылдың қорытындысы бойынша «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері.
2019 жылы «Үздік педагог» атағының иегері.
С.М.Үсенова инклюзивті білім беру бойынша Түркияның Арел университетінде және Берлин (Германия), Москва (Ресей), Бішкек (Қырғыстан) және Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Қызылорда, Қарағанды, Шымкент қалаларында өткен біліктілікті жоғарылату курстарын тәмамдаған.
2 монографияның, 1 оқу құралының және 120 ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы.
Ол жүзге жуық ғылыми еңбектердің авторы. Ол «Студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудағы этникалық процестердің рөлі», «Change of ethnic predictions in the process of formation and development of cognitive activity of students» монографияларының және «Инклюзивті тәжірибе: білім беру процесін бейімдеу және түрлендіру» атты оқу құралының, сонымен қатар бірнеше электрондық оқу кешендерінің авторы.
Мақалалары Томсон Рейтер, Scopus базаларына енетін халықаралық (Жапония, Бразилия) ғылыми басылымдарда жарияланған.
Оның жетекшілігімен 2 шәкірті халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпазы, 3 студенті республикалық олимпиадалардың жұлдегерлері атанды.
С.Үсенованың жетекшілігімен А.Нысаналиева, Т.Сағындық, А.Құттыбек, А.Шұғай ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының стипендиаттарын атанды.
3 студенті халықаралық ғылыми жобалар байқауларында жүлдегер атанса, 7 студенті республикалық байқауларда топ жарды.