М.Х.Дулати атындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Мұнай, газ және механика факультетінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент » СШ Ы.Алтынсарин
Қабылдау бөлімі:
+7-(726)44 2-11-65
Әдістеме бөлімі:
+7-(771)4186241
Нашар көрушілер
нұсқасы
» М.Х.Дулати атындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Мұнай, газ және механика факультетінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент
12
март
2020

М.Х.Дулати атындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Мұнай, газ және механика факультетінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент

ӨМІРБАЯН
ШИЛІБЕК Кенжеғали Қошқар­байұлы – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Мұнай, газ және механика» факультетінің деканы, «Жоғары оқу ор­нының үздік оқытушы­сы - 2017» мемлекеттік гран­тының иегері, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі академиясының академигі (Санкт-Петербург, Ресей)  
Кенжеғали Қошқар­байұлы 1973 жылы 9 қыркүйекте Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. 1990 жылы туған ауылындағы Ы. Алтын­сарин атындағы орта мектепті күміс медальмен бітіріп, осы жылы Жамбыл су шаруашылығы құрылыс институтына «Мелиоративтік жұмыстарды механикаландыру» мамандығы бойын­ша оқуға түсіп, 1995 жылы аталған институт­ты тәмамдап, «Инженер-механик» біліктілігін алып шықты. Еңбек жолын Ақкөл ауылындағы №22 кәсіптік-техникалық училищесінде арнайы пән оқытушысы қызметінен бастаған. 1996- 2000 жылдар аралығында байланыс саласында түрлі қызмет атқарған. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі еңбек жо­лын 2000 жылдың сәуірінен Патенттік-ақпарат­тық бөлімінің І санаттағы маманы боп бастаған, содан кейін жоғары санаттағы маман, сектор же­текшісі, бөлім меңгерушісі, кафедра меңгерушісі, орталық директоры, бөлім басшысы қызметтерін атқарған. 2016 жылдың 1 қыркүйегінен «Мұнай, газ және механика» факультетінің деканы қызметін атқаруда. 2005 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «Физика және ма­тематика пәндерінің мұғалімі» мамандығы, ал 2008 жылы Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерт­теу институтының аспирантурасын «Жерді ме­лиорациялау, баптау және қорғау» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы суда ерігіш жоға­ры молекулалық қосылыстардың қатысуындаалынған жаңа түрдегі суда еритін полимерлердің Жамбыл облысындағы экологиялық тұрғыдан нашар топырақтардың құрылымына әсерін зерт­теу бағытында ғылыми-ізденіс жұмыстары не­гізінде «Топырақтың экологиялық күйін суда еритін полимерлерді пайдаланып жақсартуды негіздеу» тақырыбында кандидаттық диссерта­циясын сәтті қорғап, техника ғылымдарының кандидаты атағын алды. 2007 жылы ғылымдағы жетістігі үшін мемлекеттік жастар саясаты шең­берінде шығармашыл жастарға қолдау көрсе­туге тағайындалған облыс әкімі сыйақысының «Ғылым» номинациясында лауреат атанса, 2012 жылы өнеркәсіптік меншік объектілерін па­тенттеуді белсенді түрде насихаттаған және өнеркәсіпті ағынды суды даярлау және тазалау, кезінде қолдануға мүмкіндік беретін полимер алу саласында 17 өнертабысы үшін «Шапағат – 2012» байқауында «Үздік өнертапқыш» номи­нациясы бойынша Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының алтын медалімен, арнайы дипломымен марапатталған. 
Ғылымға қосқан қомақты үлесі үшін Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен (2013 жыл), Жамбыл облысы Мәслихатының Құрмет грамотасымен (2019), Халықаралық зияткерлік меншік күніне орай ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің алғыс хатымен (2014 жыл), 2016 жылы журналистер арасында өткен «Зияткерлік меншік күзетінде» республикалық конкурсқа қатысқаны үшін «Бас редакторлардың клубы» АҚ президентінің  алғыс хатымен, «ТарМУ – 60 жыл», «Үздік ғылым кандидаты», «МАНЭБ – 25 лет» төсбелгілерімен, ректордың Құрмет грамотасымен (2013, 2014, 2015), марапатталған. 
Сингапур Ұлттық университетінде (Сингапур), Арел университетінде (Стамбул, Түркия), Томск мемлекеттік университетінде (Ресей), Назарбаев университетінде біліктілігін жоғарылатқан. 
К.Шилібек ҚР-ның өнертабысқа берілетін 9 алдын ала патенттің, 9 инновациялық патенттің және 4 патенттің, сонымен қатар 122 ғылыми мақалалардың,   «Топырақтың экологиялық күйін суда еритін полимерлерді пайдаланып жақсартуды негіздеу», «Improving the efficiency of the bulldozer when performing planning work for irrigated Land» тақырыбындағы монографиялардың, «Ғылыми-зерттеу негіздері» оқу құралының авторы және «Интеллектуальная собственность ТарГУ», «100 изобретений доктора технических наук, профессора Абдураманова», «Изобретений в области гидротехники», «Сто патентов на изобретение профессора А.Асанова» кітаптарының құрастырушысы.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив